Спортшы кешкі ас ішемін деп Олимпиада финалына қатыса алмай қалды

Редактор
06.08.2024, 21:19

Спортшы финалға өткенін небәрі 25 минут қалғанда естиді

Getty Images

Израильдік жүзуші Анастасия Горбенко кешкі ас үшін Париждегі Олимпиада ойындарының финалына қатыса алмады.

Ynet News мәліметінше, израильдік спортшы бастапқыда финалға өте алмаған, алайда қатысушылардың бірі жарысты жалғастыра алмайтын болғандықтан, Горбенко сегізінші финалист атанған. Дегенмен бұл туралы спортшы финалға небәрі 25 минут қалғанда естиді. Сол кезде ол кешкі ас ішуге кетіп бара жатқан екен.

Ал жүзуші қыздың команда өкілдері Горбенкоға жарыс киімін аренаның күту залына қалдырудың қажеті жоқ екенін айтқан, әйтпесе бойжеткеннің өзі бұл туралы бірнеше рет нақтылаған көрінеді. Тиісінше ол финалға қатысып үлгермеді.

Материалда: