Футзалдан Алматының «Қайраты» Чемпиондар лигасын ірі жеңіспен бастады

Редактор
30.11.2023, 09:49

Жерлестеріміз сырт алаңда матч өткізді

Instagram/afckairat

Футзалдан Еуропа Чемпиондар лигасының алғашқы раундында Алматының «Қайраты» Косовода жергілікті «Приштинамен» кездесіп, 11:2 есебімен ойсырата жеңді.

Бірінші таймда есепті аутсайдер саналған «Приштина» футболшылары ашты. «Қайрат» ойыншылары болса бұған жеті бірдей голмен жауап берді.

Екінші таймның басында косоволықтар тағы бір гол соғып, есепті қысқартқанымен, Марлон Веласко шәкірттері төрт рет көзге түсіп, есепті 11:2-ге жеткізді.

Бүгін түнде сағат 22:00-де алматылықтар Португалияның «Бенфикасымен» кездеседі. Ойын «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.

Материалда: