Димаш Құдайбергеннің әні Париж төрінде шырқалды (ВИДЕО)

Редактор
10.08.2024, 02:28

Қазақ әншісінің композициясы болгар қызына жүлде алып келді

Startphoto.bg

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Болгарияның көркем гимнастика спортшысы Боряна Калейн Димаш Құдайбергеннің «SOS d’un terrien en détresse» композициясына өнер көрсетті деп хабарлады Qazaqstan телеарнасы.

Айта кетейік, Димаш есімі әлемге дәл осы ән арқылы танылған болатын. 2017 жылы Қытайдағы «I’m a singer» жобасына қатысып, «SOS d’un terrien en détresse» әнін француз тілінде шырқаған болатын. Мұнан кейін ол бас жүлдені жеңіп алып, бір сәтте әлемге танымал болып шыға келді.

Ал, Димаштың әніне өнер көрсеткен Боряна Калейн болса Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Бірінші орынды германиялық Дарья Варфоломеев алса, қола медаль Италия қызы София Раффаэлиге бұйырды.