Қазақстанда маманды бағалай алмады ма?
Париж Олимпиадасында таэквондодан ерлер арасында 80 келіге дейін салмақта жеңімпаз анықталды. Ол – қазақ бапкері Есбол Сұлтанов жаттықтыратын тунистік Фирас Катусси.
Фирас финалда Ираннан келген Мехран Бархордариден басым түсті. Қорытынды есеп – 2:0.
Бұған дейін Тунистен 58 келі салмақ дәрежесінде жекпе-жекке шыққан Мохамед Халил Джендуби қола медаль еншілеген болатын.
Айта кетейік, тунистік таээквондошыларды қазақстандық маман Есбол Сұлтанов жаттықтырады. Ол 2023 жылдың қыркүйек айында бас бапкер болып тағайындалған. Париждегі Олимпиада ойындарына Тунистен төрт шәкіртін алып келді.