Оның ширек финалдағы қарсыласы – әйгілі Ахмед Тажудинов
Париж Олимпиадасында еркін күрестен 97 келіде бүгін жарыс жолына шыққан Әлішер Ерғали алғашқы белдеуінде жеңіске жетті.
Ол 1/8 финалда мысыр балуаны Мұстафа Елдерсті 6:2 есебімен ұтты. Кездесудің бастапқы минутында отандасымыз бірден 2 ұпай иеленген болатын. Алайда, ернін жырып алған ол дәрігердің көмегіне жүгінді. Жалғасын тапқан кездесуде Египет балуаны 2 ұпай алып, басымдыққа ие болған еді. Бірақ, кездесудің соңына дейін Әлішер Ерғали тағы 4 ұпайы иеленіп, келесі айналымға өтті.
Енді Қазақстан балуаны ширек финалда бахрейндік әйгілі Ахмед Тажудиновпен белдеседі. Ол – әлем мен Азия ойындарының жеңімпазы және Азияның екі дүркін чемпионы.