Әлішер Ерғали жартылай финалға шыға алмады

Редактор
10.08.2024, 16:32

Ол 1/4 финалда Бахрейн өкілімен белдесуде ірі есеппен ұтылды

ҰОК

Париж Олимпиадасында еркін күрестен 97 келіде екінші айналымға шыққан Әлішер Ерғали әлем чемпионы Ахмед Тажудиновке есе жіберді.

Ол 1/4 финалда Бахрейн өкілімен белдесуде ірі есеппен ұтылды. Алғашқы кезеңде бірден әдіс жасаған ол 2 ұпайға қол жеткізгенімен, соңғы сәтке дейін нәтижені еселей алмады. Ал Тажудинов қарымта шабуылда ұпай еншілеп, 2:14 есебімен уақытынан бұрын отандасымызды қапыда қалдырды.

Енді әлем чемпионы Тажудинов жартылай финалда Рио Олимпиадасының чемпионы Кайл Снайдермен белдеседі. Егер Тажудинов финалға шыққан жағдайда ғана ол жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алады.

Айта кетейік, Әлішер Ерғали алғашқы айналымда Мысыр балуанын 6:2 есебімен ұтқан болатын.