Мәжіліс депутаты Абиба Әбужақыноваға Kia Ceed көлігін мінгізді

Редактор
10.08.2024, 18:45

Абиба Әбужақынова Астанаға ұшып келді

Әлеуметтік желі

Бүгін Париж Олимпиадасының қатысушысы, дзюдо балуаны Абиба Әбужақынова Астанаға ұшып келді. Спортшыны Мәжіліс депутаты, кәсіпкер Айдарбек Қожаназаров күтіп алып, астына су жаңа көлік мінгізді.

Абибаға депутат Kia Ceed маркалы көлігін берді.

Айта кетейік, бұған дейін Айдарбек Қожаназаров Абибаға жазба арнап, өз атынан сыйақы беретінін айтқан еді.

«Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп - Абиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл тектіліктің белгісі. Бұл үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Абиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек! Жалғастырайық, қазақтың жігіттері!» - деген болатын депутат.