Алғаш рет Олимпиада жүлдегерінің анасына үй берілді

Редактор
10.08.2024, 18:39

Ал Демеу Жадыраев «Жетісу облысының құрметті азаматы» атанды

Әлеуметтік желі

Әдетте Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне үй, машина берілетін. Бұл жолы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевтың анасына жаңа үйдің кілті табысталды.

Олимпиаданың күміс жүлдегерінің анасы Күлипа Бижановаға «Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Жаркент қаласындағы жаңа үйдің кілтін табыс етті.

Ал Демеу Жадыраев «Жетісу облысының құрметті азаматы» атанды. Сондай-ақ алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғамбеков пен жеке бапкері Боранбек Қоңыратовқа қаржылай сыйақы берілді.

Айта кетейік, Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасына Алматы облысынан қатысты. Сондықтан оған негізгі сый Алматы облысынан жасалады.

Демеудің әкесі 2001 жылы өмірден өткен.