Брейкингтен Әмір Закиров ширек финалға өтті

Редактор
10.08.2024, 21:23

Ол үшінші кездесуінде тайпейлік қатысушыны жеңді

ҰОК

Брейкингтен командамыздың көшбасшысы Әмір Закиров Париж Олимпиадасында Quake (Қытайдың Тайпейі) лақап атты спортшыны сенімді ұтты.

Раундтар бойынша есеп: 2-0 (6-3, 7-2).

Осылайша, отандасымыз D тобында 3 батлға шығып, 2 жеңістің арқасында ширек финалға жолдама алды.

Плей-офф кезеңі біраздан кейін басталады.