Иман ойындардағы барлық жекпе-жегін сенімді түрде ұтты
Париж олимпиадасында ең көп талқыға түскен алжирлік боксшы қыз Иман Хелиф төртжылдықтың бас додасында топ жарды.
Себебі Хелиф 2023 жылғы әлем чемпионатында тестостероны өте жоғары болуы себеп жарыстан шеттетілген еді. Ал Парижде ол қарсылас шақ келтірмей, үздік шықты. Тиісінше жеңісі арқылы IBA-дың сыйақысына ие болды.
Халықаралық бокс қауымдастығының президенті (IBA) Умар Кремлев тест нәтижесі Иман Хелифтің XY-хромосомасының көптігін дәлелдегенін алға тартты.
Алайда ХОК бұл айыпты жоққа шығарып, Хелифтің тестостероны ғана жоғары екенін тілге тиек етті.
Иман ойындардағы барлық жекпе-жегін сенімді түрде ұтты, ол тіпті бір де бір раундты қарсыласына бермеген. Енді оған Халықаралық бокс қауымдастығы тарапынан 100 мың доллар берілуі керек. Сөйте тұра Алжирдің Халықаралық олимпиада комитеті өзінің олимпиадашыларына ақшалай бонус қарастырмаған.
Бұған дейін IBA президенті Умар Кремлев Олимпиада-2024 жеңімпаздарына сыйақы беретінін айтып уәде еткен.