Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қырғыз балуаны Олимпиада жүлдесін белдесу аяқталуға 20 секунд қалғанда жұлып алды

Редактор
11.08.2024, 00:45

Бұл оның Олимпиада ойындарындағы екінші медалі

olympics.com

Қырғыздың даңқты балуаны Айсұлу Тыныбекова Париж Олимпиадасында қола жүлдеге ие болды. Шешуші сында ол аса табандылығымен жанкүйерлердің қошеметіне бөленді.

Үшінші орын үшін белдесуде Айсұлу Моңғолия спортшысымен күш сынасқан еді. Белдесудің алғашқы үш минутында моңғол спортшысы 6 ұпай еншіледі. Бұл басымдық кездесу аяқталуға 1 минут қалғанша сақталды. Дегенмен, қырғыз балуаны алдымен 2 ұпай еншілеп, соңғы 20 секундта 4 ұпайлық әдісті іске асырды.

Осылайша Қырғызстан спортшының даңқты өкілі Париж Олимпиадасының қола жүлдесіне қол жеткізді. Спортшы Париж Олимпиадасында Қырғызстан құрамасының қоржынына 5-ші жүлдені салып отыр.

Айсұлу Тыныбекова – Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы. Азия біріншілігінің алты мәрте чемпионы. Сондай-ақ, Азия Ойындарында топ жарған.

Ол Рио Олимпиадасында 5-ші орынға тұрақтады. Сонымен бірге, Лондонда өткен ойындарға қатысқан.

Жарнама
Жарнама