«Үмітті ақтай алмадым»: Әлішер Ерғали Олимпиада жүлдесінен үмітін үзді

Редактор
11.08.2024, 15:22

Қазақстан Олимпиада ойындарын осымен аяқтады

Olympic.kz

Париж Олимпиадасында еркін күрестен 97 келіде өнер көрсеткен қазақ балуаны Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуінде ирандық қарсыласынан жеңіліп қалды.

Кеше ширек финалда бахрейндік Ахмед Тажудиновтен ұтылғаннан кейін Әлішердің қола жүлдеден үміті болған. Ол үшін алдымен Иран өкілі Амирали Азарпираны жеңуі керек еді. Алайда, бұл белес оған бағынбады.

«Олимпиада медалін алғым келген еді, өкінішке қарай бұйырмады. Үмітті ақтамағаным үшін қазақстандықтардан кешірім сұраймын», - деді Әлішер Ерғали белдесу аяқталғаннан кейін.

Ол алдағы жоспары әлі құрылмағанын да меңзеді. Яғни, келесі олимпиадалық циклге дайындала ма, жоқ па – ол уақыт еншісінде.