2028 жылға дейін тұрмыс құрмаймын деген дзюдошы Абиба Әбужақынова қалың малы қанша екенін айтты

Редактор
12.08.2024, 15:12

Ол  Париж олимпиадасында 5 орын алған

ҰОК

Парижде өткен Олимпиада ойындарында 48 келі дейін салмақ дәрежесінде күресіп, 5 орынға табан тіреген Абиба Әбужақынова жеке өміріне қатысты маңызды сұраққа жауап берді.

Дзюдошы қыз олимпиадада соңғы белдесуінде жеңіліс тапқан соң келесі олимпиадаға дейін тұрмысқа шықпайтынын нақты айтқан еді.

«Иә, олимпиадада жеңіліп қалған соң Лос-Анджелес олимпиадасына дейін тұрмысқа шықпаймын деп ашуланып айтқанмын. Бұл туралы әлі ойланып көремін», - деді Абиба Әбужақынова.

Ол сұхбаттарының бірінде қалың малы 5 миллион теңге екенін жасырмай айтқан болатын. 

Париж Олимпиадасының қатысушысы, дзюдо балуаны Абиба Әбужақынова Астанаға ұшып келгенде Мәжіліс депутаты, кәсіпкер Айдарбек Қожаназаров күтіп алып, астына су жаңа көлік мінгізді. Абибаға депутат Kia Ceed маркалы көлігін берді.Сондай-ақ бұған дейін Абиба Әбужақынова 2028 жылға дейін күйеуге шықпайтынын мәлімдеген.