Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Шетелдік қызға үйленген қазақ миллиардерін Халықаралық дзюдо федерациясы марапаттады

Редактор
13.08.2024, 18:00

Эммануэль Макрон да Алмаз Әлсеновті Сметовтің жетістігімен құттықтаған еді

orda.kz

Халықаралық дзюдо федерациясы президентінің кеңесшісі және JENYS клубының негізін қалаушы Алмаз Әлсенов Париж олимпиадасында халықаралық дзюдоны дамытуға қосқан үлесі үшін құрметті марапатқа ие болды.

Оған осы еңбегі үшін қара белбеу сыйлығы тарту етілді. Бұл марапатты спорт менеджеріне IJF президенті Мариус Визер Париждегі Олимпиада ойындарының құрметіне орай дзюдодан ұйымдастырылған гала-кеште табыстады.

Бұған дейін Алмаз Әлсенов Халықаралық дзюдо федерациясының коммерциялық серіктестік және дамыту жөніндегі комиссары болып тағайындалған.

JENYS – Қазақстанда меценат, кәсіпкер Алмаз Әлсенов 2022 жылы негізін қалған кәсіпқой дзюдо клубы. Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша, Әлсенов еліміздегі ең бай адамдардың тізімінде 53-орында тұр. Ол 2021 жылы украиналық тележүргізуші Иванна Онуфрийчукке үйленгеннен бастап көпшілік назарына ілікті.

Жарнама
Жарнама

Материалда: