Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Нұрбек Оралбайға ерекше сый жасады (ВИДЕО)

Редактор
14.08.2024, 09:48

Сыңары Айбек Оралбайға ат мінгізуге уәде берді

tiktok.com/@oralbai.nurbek

Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар бокстан Олимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алған боксшы Нұрбек Оралбайға құндыз тон сыйлады. Ерекше сыйдың видеосын боксшының өзі әлеуметтік желіде бөлісті.

Ал, Олимпиада ойындарының ширек финалында сүрінген Айбек Оралбайға (Нұрбектің сыңары – авт.) Қанат Айтбаев ат мінгізетінін айтты. Арғымақтың ақысын ол банк картасына жіберуге уәде берді.

«Айбектің інісіне осылай қолдау көрсеткені үшін оған да бір ат мінгіземіз», - деді Димаштың әкесі.

Еске салайық, Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының финалында украин боксшысы Александр Хижняктан жеңіліп қалды және жарыстың күміс жүлдегері атанды. Ал, Айбек Оралбай ширек финалда Әзірбайжан атынан өнер көрсететін кубалық Лорен Альфонсо Домингеске есе жіберді.