Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Танымал блогер Нұрбекке сыйламақ болған көлігін соғып алды

Редактор
14.08.2024, 14:37

Блогер көліктің жол шетіне шығып кетіп, апатқа ұшыраған сәтті көрсеткен

Видеодан кадр

Қазақстандық блогер, NNN лақап атымен танымал Нұрдәулет Бектұрсын Париж Олимпиадасында бокстан күміс жүлдегер атанған Нұрбек Оралбайға сыйлаймын деген көлігін соғып алды. Бұл туралы белгілі блогер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады.

"Мәссаған! Естеріңізде ме, Нұрбек бірінші орын алса береміз деген көлік еді. Күміс алса да алтынға тең жүлде деп бермекші болғанбыз. Сол күні түнде 11-де соқтық. Таңғы 9-да Нұрбек елге келетін еді", - деді блогер.

Көпшілікке көліктерінің көптігімен таныс блогер енді қазақ боксшысына көлік сыйлай ма деген сауалды жауапсыз қалдырды. Ол тек жеке парақшасында 2 бейнежазбаны көпшілікке ұсынып, көліктің жол шетіне шығып кетіп, апатқа ұшыраған сәтті көрсеткен.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасында 80 келіде бақ сынап, финалға дейін жеткен еді. Ол шешуші жекпе-жекте украиналық Александр Хижнякка есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.

Жарнама
Жарнама