Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының ойындар кестесі анықталды

Редактор
14.08.2024, 16:45

Әлем біріншілігінде Қазақстан жартылай финалға дейін жетіп, төртінші орын алған

instagram.com/kff_team_futsal

14 қыркүйекте Өзбекстанда футзалдан әлем чемпионаты басталады. Бұл аламанда Қазақстан құрамасы да бақ сынайды. Қазірдің өзінде құраманың топтық кезеңдегі ойындар кестесі белгілі.

Бұған дейін әлем біріншілігінде Қазақстан жартылай финалға дейін жетіп, төртінші орын алған. Бұл отандық футзал тарихындағы үздік көрсеткіш.

Өзбекстандағы додада қазақстандықтар «D» тобында Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен ойнайды. 15 қыркүйекте Әндіжанда испандармен кездессе, 18 қыркүйекте ливиялықтармен өзара кім мықтыны анықтайды, ал 21 қыркүйек күні Ташкентте Жаңа Зеландия футзалшыларымен ойнайды.

Футзалдан қазіргі әлем чемпионы – Португалия құрамасы. 2021 жылы олар финалда Аргентинаны ұтқан. Ал турнирде ең көп жеңіске жеткен құрама – Бразилия (5 рет).

Материалда: