Жанқош Тұраров Алматыда чемпиондық атағын қорғайды

Редактор
14.08.2024, 19:37

Ол бұған дейінгі 28 жекпе-жектің барлығын жеңіспен аяқтаған

instagram.com/zhankoshturarov

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды.

Ол 28 қыркүйекте "Алматы аренада" IBO WORLD WBA WORLD GOLD белдіктерін қорғау үшін шаршы алаңға шықпақ. Әзірге оның қарсыласының кім болатыны туралы ақпарат белгісіз.

Естеріңізде болса, ол соңғы рет өткен жылдың желтоқсан айында жекпе-жекке шығып, өзінің чемпиондық атағын қорғады. Сол жолы Тұраров жапониялық Акихиро Кондодан басым түскен еді.

Жанқош Тұраров осыған дейін кәсіпқой бокста 28 жекпе-жек өткізіп барлығында жеңіске жетті.

Материалда: