Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Нариман Курбанов ескерусіз қалды»: гимнастшының өзі бұл пікірге жауап берді

15.08.2024, 00:50

Ол өзін бақытты санайтынын айтып отыр

olympic.kz

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасында күміс медаль иеленген қазақстандық Нариман Курбановтың жүлдегерлер арасында «елеусіз» қалғаны әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын.

Жанкүйерлердің пікірінше, жүлде ала алмаған спортшылардың өзіне көлік мінгізіп, ақшалай сыйлық беріп жатқанда, Қазақстан тарихында гимнастикадан алғашқы медальды иеленген Курбанов сый-құрметсіз қалған. Десе де, бұл туралы спортшының пікірі бөлек.

«Иә, машина да, үй де берілмеді деген жазбаларды көп оқимын. Бірінші кезекте осындай қолдау көрсетіп жатқан жанкүйерлерге алғысым шексіз. Бірақ, мен уақыты келгенде өзіме тиістінің бәрін аламын. Егер одан да артығы керек болса, мен оған ақша табамын. Тек мынаны ғана айтайын: қазір менің өмірімде болып жатқан оқиғалар мені шынымен бақытты етеді», - деп жауап берді Нариман жанкүйерлердің қойған сауалына.

Естеріңізге сала кетейік, Нариман Курбанов Париж ойындарында спорттық гимнастикадан өнер көрсетіп, ел қоржынына тұңғыш рет жүлде сыйлаған еді. Спортшы гимнастикалық атта сәтті өнер көрсетіп,  финалда 15,433 ұпай жинады. Осылайша ол күміс медаль жеңіп алды. Бұған дейін Курбанов бұл тарихи сәтті 18 жасынан бастап армандағанын айтқан болатын.

Жарнама
Жарнама