Тоқаевтың Париж олимпиадасының жүлдегерлерімен кездесуі кейінге қалдырылды

Редактор
15.08.2024, 10:05

Кездесу короавинус инфекциясының өршуіне байланысты кейінге қалған

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Париж олимпиадасының жеңімпаздарымен кездесуі коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылды. 

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, спортшылар арасында коронвирус жұқтырғандар көбейген.

"Президент кеше Париж олимпиадасының жүлдегерлері мен жаттықтырушылар құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Қасым-Жомарт Кемелұлы сол күні жүлдегерлермен кездеседі деп жоспарланған болатын. Өкінішке қарай, спортшылар мен жаттықтырушылардың жартысында ковид анықталды, бұл кездесуді кейінге қалдыруға мәжбүр болды. Баршаңыздың тезірек сауығып кетулеріңізді тілейміз", – деді ҚазТАГ редакциясына Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Ол кездесу міндетті түрде өткізілетінін және тамыз айының соңына жоспарланғанын атап өтті.