Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Қанша спортшының Парижден коронавирус жұқтырып келгені анықталды

Редактор
15.08.2024, 11:41

Ковидқа байланысты Президенттің жүлдегерлермен кездесуі кейінге қалдырылған

Әділет Бірімқұлов/Kazinform

Қазақстанның олимпиадалық құрамы Парижден COVID-19 вирусын жұқтырып келген.

«Құрамадағы үш жүлдегер мен екі бапкерден Ковид-19 анықталды. Олардың ПТР-тестілері оң нәтиже берген. Қазіргі уақытта олар оқшауланған. Ем қабылдап жатыр. Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Тезірек сауығып кетуін тілейміз. Команданың өзге өкілдерінен вирус анықталған жоқ», - деді туризм және спорт министрінің кеңесшісі Диас Ахметшәріп.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиада ойындарында жеті медаль еншілеп, 43-орынға жайғасты. Жалғыз алтынды дзюдошы Елдос Сметов алса, гимнаст Нариман Курбанов, грек-рим күресінің шебері Демеу Жадыраев пен боксшы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанды.

Ал қола жүлде мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтпаевқа, боксшы Назым Қызайбай мен дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа бұйырды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: