Томас Бахтың өкілеттігі 2025 жылы аяқталады
Халықаралық бокс федерациясының президенті (IBA) Умар Кремлев өзін Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы лауазымына үміткер ретінде ұсынуға қарсы емес.
Бұған дейін ұйымның қазіргі басшысы Томас Бах жаңа мерзімге сайлауға түспейтінін мәлімдеген. Ал оның өкілеттігі 2025 жылы аяқталады. Осыдан соң үміткерлер пайда бола бастады. Солардың ішінде ресейлік Кремлев те бар.
«Бәрі жан-жақтан қосыла бастаған соң, Бах қорқып кетті. Оның кететініне құдайға шүкір дейміз. Қатерлі ісік кесіледі. Бұл барлық спортшының жеңісі. Біз бұл Олимпиада ойындарында спортшыларға деген сорақы қарым-қатынасты көрдік. Отбасы кету туралы кеңесті дұрыс беріпті. Ол өзі де олимпиадалық отбасыны басқара алмайтындықтан кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Алып кемені басқара алатын жас, мықты адам керек.
Ол спортты лас саясатқа айналдырды. Спорт Бах пен оның командасының кейпіндегі қатерлі ісікті кесіп алып тастап жатыр деуге болады. Жаңа команда басқа бағытта жұмыс істейді деп ойлаймын. ХОК басшылығы ХОК мүшелерін емес, елдерді таңдауы керек. Себебі елдердің арқасында сол ХОК жұмыс істеп тұр. Оның ізін басуда ешқандай қиындық көріп тұрған жоқпын. Мен боксқа да әділетсіздік пен жемқорлықты жою үшін келдім. Халықаралық федерация кез келген елдің мәдениеті мен құндылығын бағалағанын қалаймын.
Спорттық функционерлер – спортшыларға қызметкер көрсететін персонал. Біздің міндетіміз – оларға жағдай жасау. Олардың қолдарынан келмей жатқанын байқасам, араласуға тура келеді, - деді Кремлев.
Айта кетейік, қазіргі таңда ХОК басшылығы IBА-ға мүше елдердің боксшыларын Олимпиадаға қатыстырмау туралы бастама көтерген. Осыдан соң Қазақстан ҰОК басшысы Геннадий Головкин Қазақстанның ІВА-дан шығуын қолдайтынын айтты.