Кеңес Рақышев Сметов пен Қырғызбаевқа көлік мінгізді

Редактор
19.08.2024, 17:43

Кәсіпкер қос спортшыға олимпиададағы жетістігі үшін сыйлық тарту етті

instagram.com/myktybekovmaratbek

Танымал кәсіпкер Кеңес Рақышев дзюдодан Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлде иегері Ғұсман Қырғызбаевқа темір тұлпар сыйлады. Бұл туралы Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

 «Кеңес Хамитұлы қос батырымыз Елдос пен Ғұсманға берген уәдесін орындап, темір тұлпардан мінгізді. Алла сізге разы болсын Кеңес мырза!», - деп жазды Маратбек Мықтыбеков.

Желі қолданушылары кәсіпкердің әрекетін құптап, спортшыларға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріп жатыр.