«Уайымдамаңыздар». Жанқош Тұраровтың әйелі пікір білдірді

Редактор
22.08.2024, 10:38

Былғары қолғап шеберінің жұбайы жағдайын сұраған жақындарына жауап берді

instagram.com/klarita_os

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса күйеуіне «қыз зорлады» деп тағылған айыпқа қатысты пікір білдірді.

Былғары қолғап шеберінің жұбайы сөздері мұның жалған ақпарат дегенге саяды.

«Хабарласқанда телефон алуға шамасы келмей, уақыт таппай жүрген «құрбы-таныстың» бәрі бүгін түннен бері хабарласып, хал-жағдай сұрасты ғой. Бәрі дұрыс, уайымдамаңыздар. Ел алдында жүрген адамдар туралы не айтылмай жатыр», - деп жазды Клара Иса Instagram-дағы Stories-те.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде алғашқы жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болды.

Мұны көп ұзамай Алматы қаласының Полиция департаменті де растады. Дегенмен боксшының өзі бұл ақпараттың жалған екенін, тиісінше енді олар сотта жауап беретінін айтты.

Материалда: