ҰОК жарғысына сәйкес, бас хатшы - сайлау арқылы таңдалатын лауазым
Геннадий Головкин ҰОК бас хатшысы лауазымына үміткер тапқан секілді.
Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы қызметіне Әлімжан Ақаевтың кандидатурасы ұсынылған. Бұл туралы
Meta-ratings.kz мәлімдеп отыр.
ҰОК жарғысына сәйкес, бас хатшы - сайлау арқылы таңдалатын лауазым, сондықтан Ақаевтың кандидатурасын бас ассамблея бекітуі қажет.
Мұнда барлық олимпиадалық спорт түрінен федерациялардың президенттері дауыс береді.
27 тамызда Ақаев 39 жасқа толады. Қазіргі таңда ол халықаралық мәселелер бойынше кеңесші қызметін атқарады. Ал ҰОК-та 2016 жылдан бері жұмыс істейді екен.
Естеріңізде болса, 21 тамызда Головкин ақпаннан бері бас хатшы қызметін атқарып келген Жанар Өтешеваны «сенімнен шығуына» байланысты жұмыстан босатқан. Өтешева 2013 жылдан бері Головкиннің пиар-менеджері болып келді.