«Парижде алтын аламыз»: қырғыз балуаны Олимпиадаға жоспарымен бөлісті (ВИДЕО)

Редактор
03.12.2023, 10:59

Олар биыл әлем чемпионатында топ жарды

скрин Facebook

Грек-рим күресінен Токио олимпиадасының күміс жүлдегері қырғыз Ақжол Махмұдов алдағы Париж олимпиадасында ел балуандары алтын алатынына сенім білдірді. 

Ол Бішкекте өткен салтанатты шара барысында сөз сөйлеп, президент Садыр Жапаровтың қолдауына алғысын жеткізді.

«Біз қазір 9 ай қалған Олимпиадаға дайындалып жатырмыз. Сол сында ел тарихындағы алғашқы алтын медальды аламыз деген сенімдемін», - деді Ақжол Махмұдов.

Биыл Сербияда өткен әлем чемпионатында қырғыз балуандары 3 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде иеленді. Оның ішінде Айсұлу Тыныбекова – 3 дүркін, грек-рим күресі балуандары Ақжол Махмұдов пен Жоламан Шәршенбеков 2 дүркін әлем чемпионы атанды.