Олимпиада чемпионы азаматтығын ауыстырған ресейлік спортшыларды елге қайта кіргізбеуді талап етті

Редактор
01.12.2023, 17:12

Ресейдің Украинаға ашқан соғысынан кейін ел спортшылары ешқандай халықапалық жарыстарға қатыса алмай қалды

championat.com

Биатлоннан Олимпиада ойындарының чемпионы – ресейлік Александр Тихонов азаматтығын ауыстырып, өзге елдің атынан жарысқа шығып жүрген спортшыларға қатысты пікірін айтты. Ардагер спортшы РИА Новости тілшісіне сұхбат берген.

«Оларды Ресей азаматтығынан біржола айырып, елге мүлдем кіргізбеу керек. Олар енді біздің елдің азаматтары емес. Ұялудың қажеті жоқ, жұрттың бәрі бізді күлкіге айналдырды», - деді Тихонов.

Айта кетейік, 2022 жылдың ақпанында Ресей билігі Украинаға әскери шабуыл жасап, соғыс ашқаннан кейін ХОК және өзге де спорт федерациялары Ресей мен Беларусь спортшыларын жарыстарға қатыстыруға тыйым салды. Осыдан кейін ресейлік спортшылар жаппай өзге елдерге көшіп, азаматтығын аусытыра бастаған.