Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақ қызы өзіне Нариман Құрбанов ұсыныс жасағанын сүйіншіледі

Редактор
23.08.2024, 23:20

Қос спортшының тойы қыркүйекке жоспарланған

әлеуметтік желі

Спорттық гимнастикадан Париж олимпиадасының күміс жүлдегері атанған Нариман Құрбанов сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасаған.

Нариман енді болашақ жарына үйлену туралы ұсыныс жасалғанда тағатын жүзік сыйлаған. Мұны атлеттің сүйіктісі - гимнаст Аида Бауыржанова өзінің Instagram-дағы stories-інде көрсетті. Ол «махаббатпен» деп жазып, Нариманды белгілеп қойған.

Бұған дейін ел қоржынына тарихи медаль салған спортшының қыркүйек айында шаңырақ көтеретіні айтылған еді.

«Біз Аида екеуіміз 2018 жылы таныстық. Содан бері қыз-жігіт болып араласып келеміз. Сүйіктім Аида да гимнастшы. Бұйыртса, тойымыз қыркүйекте болады», - деп жазып еді Құрбанов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жарнама
Жарнама