Едіге Қасымбек жастар арасында әлем чемпионатынының финалында белдеседі

Редактор
24.08.2024, 16:01

Оның финалдағы қарсыласы – америкалық Михаел Мокко

olympic.kz

Иорданияда күрес түрлерінен өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Едіге Қасымбек финалға шықты.

Еркін күрестен 110 келіде белдескен ол іріктеу кезеңдерінде балуан Үндістан, Жапония және Иран балуандарынан ұтты. Енді ол финалда АҚШ өкілі Михаел Моккомен чемпиондыққа таласады.

Бұған дейін Едіге жастар арасында Азия чемпионатында топ жарған.

Сонымен бірге, Амманда бірнеше күннен бері өтіп жатқан әлем біріншілігінде грек-рим күресінің балуандары финалға шығып, үш күміс жүлдеге ие болған еді.