Олардың бірі – алтын, тағы бірі – күміс
Ресейдің Новосибирск қаласында өткен Аксёнов мемориалында белдескен грек-рим күресінен ұлттық құраманың балуандары бес жүлде иеленді.
60 келіде бозкілемге шыққан Ғалым Қабдунасаров армениялық балуанды ұтып, чемпион атанды. Ал, Аманғали Бекболатов (55 кг) финалда есе жіберіп, күміс жүлде иеленді.
Бұдан бөлек әлем чемпионатының 2 дүркін жүлдегері Мейрамбек Айнағұлов (63 кг) мен Азия чемпионы Ержет Жарылқасын (63 кг) қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, 72 келіде Әділхан Сатаев та сенімнен шығып, үшінші орын үшін белдесуде басымдық танытты.