Қазақстандық армрестлинг шеберлері әлем чемпионатында 82 алтын иеленді

Редактор
28.08.2024, 00:05

Нұрдәулет Айдархан Кишиневте ересектер арасында 7 дүркін, жастар арасындағы нәтижесін қосқанда 12 дүркін әлем чемпионы атанды

Фото ашық дереккөзден

Армрестлингтен Молдовада өткен әлем чемпионатында Қазақстан 82 алтын медальға қол жеткізді.

15-25 тамыз аралығында Кишиневте армрестлингтен 45-ші әлем чемпионатында отандық білектілер құрамасы өздерін биіктен көрсетті.

Биылғы аталған біріншілікке 61 мемлекеттен 1500-ге жуық спортшы қатысты. Бұл қатарда жасөспірімдер, жастар, ересектер, ардагерлер және пара атлеттер де бар.

Еліміздің 150 спортшысы 82 алтын, 92 күміс, 82 қола жүлдемен (барлығы 256) жалпы есепте 1-орын алды. Екінші орынға Түркия, үшінші орынға Грузия құрамалары тұрақтады.

Отандасымыз Нұрдәулет Айдархан Кишиневте ересектер арасында 7 дүркін (оң қолда алтын, сол қолда күміс), жастар арасындағы нәтижесін қосқанда 12 дүркін әлем чемпионы атанды.

Сонымен қатар, Молдовада Мейрамбек Ерсайын 7 дүркін, Ердәулет Нұрмахан 5 дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

Еске сала кетейік, былтыр армрестлингтен әлем чемпионаты Алматы қаласында өткен. 52 елдің 1000-нан астам спортшысы бас қосқан бәсекеде Ұлттық құраманың 256 өкілі жүлдеге таласқан. Ол кезде Қазақстан командасы 72 алтын, 57 күміс, 27 қола медальмен жалпы есепте топ жарған.

Материалда: