Сыйақы қоры – 600 млн теңге: Астанада Counter-Strike 2-ден турнир өтеді

Редактор
28.08.2024, 00:11

Алдағы екі жылда лига әлемнің түкпір-түкпірінде турнирлерді дамыту мақсатында 17 миллион доллар жұмсамақ

Instant-Gaming.com

Professional Gamers League (PGL) Қазақстанда Counter-Strike 2-ден екі ірі турнир өтетінін мәлімдеді.

Рейтингілік турнирлер Астанадағы «Барыс-Арена» стадионында 2025 жылы және 2026 жылы мамыр айында өтеді. Ұйымдастырушылар жарыс өткізу үшін 4 510 мың доллар алатыны айтылған. 

PGL мәліметінше, әр іс-шараның сыйақы қоры 1 миллион 250 мың долларды құрап (шамамен 600 миллион теңге), жеңімпаз бен жүлдегерлер арасында бөлінеді.

  • 1-орын: 425 мың доллар.
  • 2-орын: 150 мың доллар.
  • 3-4-орын: 125 мың доллар.
  • 5-8-орын: 62,5 мың доллар.
  • 9-11-орын: 31,25 мың доллар.
  • 12-14-орын: 18,75 мың доллар.
  • 15-16-орын: 12,5 мың доллар.

Алдағы екі жылда лига әлемнің түкпір-түкпірінде турнирлерді дамыту мақсатында 17 миллион доллар жұмсамақ.

Материалда: