Қазақ балуаны дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Редактор
01.09.2024, 10:08

Ол бұған дейін Азия кубогін ұтып алған

Қазақстан дзюдо федерациясы

Қазақстандық Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Ол 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда украиналық қарсыласы Лебид Дмитроны уақытынан бұрын иппонмен жеңді.

Әлемдік рейтингінде бесінші орында тұрған отандасымыз жарысты екінші айналымнан бастады. Алғашқы кезеңде Мунгун Учрал Ууганбаярды (Моңғолия), одан кейін ширек финалда Гиорги Гелашвилиді (Грузия) жеңді. Ал жартылай финалда украиналық Аркадии Смаиловтан басым түскен болатын. 

Айта кетерлігі, жасөспірімдер арасында сынға түскен Санжар Ерұланұлының бұл әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі. 17 жастағы балуан бұған дейін 2024 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатын және Азия кубогын ұтқан, сондай-ақ Еуропа кубогінде күміс жүлдегер атанып үлгерген.

Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Перудің Лима қаласында өтіп жатыр. Әлем біріншілігіне 48 елден 403 жас татами шебері қатысуда.