Пара жүзуден Сиязбек Дәлиев финалға шықты

Редактор
06.09.2024, 13:20

Отандасымыз 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден іріктеуден өтті

ҰОК

Пара жүзуден S5 санатында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзудің іріктеу кезеңінде өнер көрсеткен Сиязбек Дәлиев аталған қашықтықты 36.42 секундта бағындырып, финалға жолдама алды.

Финал Астана уақытымен 20:52-де өтеді.