Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан бүгін алтынға таласады

Редактор
06.09.2024, 12:50

Іріктеу бәсекелері Қазақстан уақытымен 13:00-де басталады

ҰОК

Испанияның Понтеверде қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионатында бүгін кілемге Ризабек Айтмұқан шығады. 

Іріктеу бәсекелері Қазақстан уақытымен 13:00-де басталады. Ол 97 келіге дейін салмақта белдеседі Ризабектен бөлек, Мықтыбек Үкіметұлы (57 келі), Шаттык Алайдар (65 келі), Айқын Болатұлы (70 келі) және Ерхан Бексұлтанов (79 келі) күреседі.

Ризабек Айтмұқан былтыр 20 жасқа дейінгі жастар арасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын. Содан кейін арада бір ай өткенде ол ересектер арасында әлем чемпионатында топ жарды. Ол уақытта отандасымыз 92 келіде бақ сынаған еді. Бұл жолы Ризабек 97 келіде ел үмітін арқалап отыр.