Қазақстан дзюдошысы паралимпиаданың жартылай финалына жолдама алды

Редактор
07.09.2024, 14:27

Ол бразилиялық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

ҰОК

Парижде өтіп жатқан Паралимпиадада қазақстандық Жұрқамырза Шүкірбеков жартылай финалға шықты.

Отандасымыз J2 санаты бойынша 90 келіден жоғары салмақта күресіп, бразилиялық қарсыласы Сержио Фернандеспен кездесіп, айқын басымдық жеңіске жетті.

Енді жартылай финалда Жұрқамырза Шүкірбеков Грузия өкілі Реваз Чикоидземен өзара мықтыны анықтайды.

Бұған дейін парадзюдошылар арасында J1 санатында 73 кг салмақта өнер көрсеткен Ерғали Шәмей Париж Паралимпиадасының күміс жүлдегері атанған болатын. Сондай-ақ, Ақмарал Науатбек 48 келіде үздік шықты. Бұдан бөлек, 57 келіде Даяна Федосова қола жүлдеге қол жеткізді.