Пара дзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков қолаға таласады

Редактор
07.09.2024, 15:31

Енді қола медальді франциялық балуанмен сарапқа салады

ҰОК

Пара дзюдоның J2 санаты бойынша белдескен отандасымыз жартылай финалда (90+ кг) грузиялық Реваз Чикоидзеге есе жіберді.

Енді Жұрқамырза Шүкірбеков франциялық Насер Зорганимен қола үшін күреседі.

Айта кетейік, J2 санаты бойынша +90 келідегі Жұрқамырза Шүкірбеков ширек финалда Бразилия спортшысы Сержиу Фернандесті мерзімінен бұрын жеңген еді.