Камил Куруглиев әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Редактор
07.09.2024, 18:14

Ширек финалда түрік балуанынан басым түсті

Sports.kz

Күрес түрлерінен жастар арасында Испанияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Камил Куруглиев жартылай финалға шықты.

Еркін күрестен 92 келіде бозкілемге шыққан ақтаулық спортшы бірінші белдесуінде грузиялық Константин Петриашвилиді 7:6 есебімен ұтты. Ал ширек финалда түрік балуаны Фатих Алтынбаштан басым түсті.

Енді отандасымыз Астана уақытымен 19:45-те жартылай финалдық белдесуін өткізеді.

Айта кетейік, бұған дейін 20 жасқа дейінгі балуандар арасында қазақстандық Ризабек Айтмұқан финалға шыққан болатын.