Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

22 жастағы Жұрқамырза Шүкірбеков ел қоржынына тағы бір қола жүлдені салды

Редактор
07.09.2024, 22:31

Ол ең алғашқы олимпиадасынан олжалы қайтпақ

ҰОК

Жұрқамырза Шүкірбеков Париж-2024 Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Жұрқамырза Шүкірбеков пара дзюдодан J2 класында 90 келі салмақты сынға түсіп, қола медаль жеңіп алды.

Қола жүлде үшін жекпе-жекте Жүркамырза Франциядан келген қарсыласы Насер Зорганиді иппонмен жеңді. Бұған дейін, жартылай финалда, спортшымыз грузиялық Реваз Чикоидзеге есе жіберді, ал ширек финалда бразилиялық Серхио Фернандес Жуниорды (J2) жеңген болатын.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама