Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы тарихи рекорд орнатты

Редактор
08.09.2024, 11:06

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 39-орынға тұрақтады

olympic.kz

Париждегі Паралимпиада ойындары Қазақстан құрамасы үшін аяқталды. Отандық пара спорт шеберлері тоғыз бірдей жүлдеге қол жеткізіп, тарих рекорд орнатты.

Ел қоржынында екі алтын, үш күміс және төрт қола медаль бар. Дзюдошы Ақмарал Науатбек пен поуэрлифтинг шебері Давид Дегтярев чемпион атанса, Ерғали Шәмей (дзюдо), Нұрдәулет Жұмағали (жүзу спорты) және Еркін Ғаббасов (нысана көздеу) күміс медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, дзюдошылар Жұрқамырза Шүкірбеков, Даяна Федосова, Зарина Раифова және жеңілатлет Дастан Мұқашбеков Париж Паралимпиадасының қола жүлдегері атанған. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 39-орынға тұрақтады.

2021 жылы Токиода өткен Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар бір алтын, үш күміс және бір қола медаль еншілеген болатын.