Қазақстанның Бас прокуроры Елдос Сметовке бағалы сыйлық табыстады

Редактор
10.09.2024, 12:12

Бағалы сыйлықтың нақты не екені беймәлім

ҚР Бас прокуратурасы

2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары

Париж Олимпиадасында чемпион атанған Елдос Сметов еліміздің Бас прокуратура өкілдерімен арнайы кездесу өткізді.

Бас прокурор Берік Асылов Елдосты Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтап, оның отандық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан зор үлесіне жоғары баға берген.

Сметов бұл кездесуде Бас прокуратураның дене шынықтыру-сауықтыру кешенімен танысқан. Сондай-ақ, құзырлы орын басшылығы Олимпиада чемпионына алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстағаны мәлім болды. Дегенмен, прокуратураның баспасөз қызметі бағалы сыйлықтың нақты не екенін айтпаған.

Елдос Сметов. Фото olympic.kz

Естеріңізге сала кетейік, Елдос Сметов Париж Олимпиадасында 60 келіде белдесіп, Қазақстан құрамасы қол жеткізген жалғыз алтынды иеленді. Ол турнир барысында 5 қарсыласын ұтып, еліміздің тарихында Олимпиада чемпионы атанған алғашқы спортшы ретінде танылды.