Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Жақында үйленген Нариман Құрбанов үйі мен көлігін кімге сыйлағанын айтты

Редактор
10.09.2024, 16:17

Гимнаст тағы төрт жыл дайындалып, чемпион атанғысы келетінін атап өтті

©️ Massaget.kz/Болат Айтмолда

Париж олимпиадасы, Нариман Құрбанов

Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Sport+ Qazaqstan тілшісіне берген сұхбатта өзіне берілген сыйлықтарды үлестіріп бергенін айтты.

"Үйлену тойы бір аптадан кейін, келесі сенбіде болады. Кеше ғана ұзату өтті, қазір бәрінде жүйке жұқарды, үйлену тойына дайындалуда", - деді Нариман Құрбанов.

Гимнаст тағы төрт жыл дайындалып, чемпион атанғысы келетінін атап өтті.

Нариман Құрбанов

"Жеке компания маған сыйлыққа берген көлікті әкеме бердім, кәсіпкерлер берген пәтерді анама сыйладым. Мен қазір гимнастикадан біраз алыстап кеттім, бірақ жақын арада залға ораламын. Мен жоғары нәтижеге жету үшін тағы төрт жыл жұмыс істеуге дайынмын. Өмірімді спортпен байланыстыраудамын. Содан кейін әлемдік университетке түсуді, барлық мән-жайды түсіну үшін менеджментті үйренуді жоспарладым, содан кейін елге оралғаннан кейін Қазақстанға барынша пайдамды тигізуге тырысамын", - деді спортшы. 

Айта кетейік, Нариман Құрбанов әріптесі Аида Бауыржановаға үйленіп, қалыңдығын ұзатып алып кеткен еді.

Жарнама
Жарнама