Прокурорлар спорт комитетінің бұрынғы төрағасын 3,5 жылға соттауды сұрады

Редактор
12.09.2024, 10:55

Ерғалиев бапкерлерді жарысқа жіберіп, сыйақының пайызын алуға келіскен

orda.kz

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында спорт комитетінің бұрынғы төрағасы Самат Ерғалиевтің ісі қаралып жатыр. Айыптаушы тарап экс-шенеунікті 3,5 жылға соттауды сұрап отыр.

Тергеушілердің айтуынша, Ерғалиев тәжірибесі жоқ Әлішер Аймұхамбетовті сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша аға жаттықтырушы етіп заңсыз жұмысқа алған. Кейінірек ол 2019 жылғы Сурдлимпиада ойындарында ұлттық құраманың жаттықтырушылар құрамына “өз адамын тартты” деген болжам бар.

Сонымен қатар қысқы сурдолимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының жеңісінен кейін жаттықтырушыларға төленген ақшаны иемденді деп айыпталып отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, ол бапкерлерді жарысқа жіберіп, сыйақының пайызын алуға келіскен.

Айта кетейік, биыл жыл басында Самат Ерғалиев ұсталып, қамауға алынған еді.

Материалда: