Қазақстандық жекпе-жек шебері октагонға оралады
UFC басшысы Дана Уайт ММА жанкүйерлерін қуантты. Жартылай орта салмақта әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған қазақстандық Шавкат Рахмонов октагонға оралатынын хабарлады.
Уайттың айтуынша, Шавкаттың келесі жекпе-жегін жақын арада күту керек. Толық ақпарат 14 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін UFC кешінен кейін белгілі болады деп күтілуде.
«Шавкат туралы жаңалық керек пе? Шавкат жақын арада жекпе-жекке шығады. Мен UFC Noche аяқталмайынша ештеңе айтпаймын», - деді Уайт Instagram желісіндегі стрим кезінде.
Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов өткен жылдың желтоқсан айында екінші раундта Стивен Томпсонды тұншықтыру арқылы жеңгеннен бері жекпе-жек өткізбеген болатын. Осыдан кейін ол жарақатын емдеді.