О0л жапониялық Кога Уаканаға жол берді
Загреб Гран Приінің бірінші жарыс күнінде қазақстандық Ғалия Тынбаева финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде есе жіберді.
Әйелдер арасында 48 келіде белдескен ұлттық құрама мүшесі Загреб турнирінде барлығы төрт белдесу өткізді. Ол іріктеу кезеңінде Италия дзюдошысын ұтса, ширек финалда Франция өкілі Анаис Перротты қапы қалдырды. Ал жартылай финалда Венгрия өкілі Рита Ребекадан айласын асырды.
Финалдық белдесуде отандасымыздың жолын Жапония өкілі Вакана Кога кесті.