Шерзод Давлатов –  Загреб Гран Приінің жеңімпазы

Редактор
13.09.2024, 20:53

Ол Париж Олимпиасынан кейінгі ең ірі турнирде топ жарды

ҰОК

Загреб Гран Приінің бірінші жарыс күнінде қазақстандық Шерзод Давлатов чемпион атанды.

Ерлер арасында 60 келіде сынға түскен Шерзод Давлатов финалда әзірайжандық Ахмад Юсуповты ұтып, Париж Олимпиасынан кейінгі ең ірі турнирде топ жарды.

Ол іріктеу кезеңінде Израиль балуанын ұтса, одан кейін Венгрия өкілі Давид Наджи, ал ширек финалда украиналық Артем Лесукты қапы қалдырды. Жартылай финалдық белдесуде Франция дзюдошысы Энзо Джеанды ұтты.

Сондай-ақ, бүгін белдескен Ғалия Тынбаева (48 кг) күміс жүлдегер атанса, Жанарыс Рахметқали (66 кг) финалдық кездесуге шығады.

Материалда: