Жанарыс Рахметқали Загреб Гран Приінде топ жарды

Редактор
13.09.2024, 21:47

Финалдық сында ол ұлыбританиялық Михаел Фриерді ұтты

ҰОК

Загреб Гран Приінің бірінші жарыс күнінде қазақстандық Жанарыс Рахметқали чемпион атанды.

66 келіде белдескен Қазақстан дзюдошысы финалға дейін үш белдесу өткізіп, барлығында басым түсті. Ол алғашқы кездесуінде хорватиялық Никола Зоротовичті ұтса, ширек финалда сальвадорлық Диего Саликсті ұтты.

Ал жартылай финалда грузиялық Тенго Зиракашвилидің жолын кесті. Финалдық сында ол ұлыбританиялық Михаел Фриерді ұтты.