Парижде Демеу Жадыраевтан жеңілген қырғыздың даңқты спортшысы Атырауға келді

Редактор
17.09.2024, 16:30

Балуандар Oil Capital Cup турниріне қатысады

әлеуметтік желі

Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен 77 келіде Демеу Жадыраевқа есе жіберген қырғыздың танымал балуаны Атырау қаласына келді.

17-20 қыркүйек күндері аралығында өтетін Oil Capital Cup турнирінде грек-рим күресінен Қырғызстан құрамасы мұнайлы өлкеге табан тіреп отыр. Аталған құрамда Токио және Париж Олимпиадасының жүлдегері, екі дүркін әлем чемпины Ақжол Махмұдов та бар.
 
Айта кететін жайт, аталған турнир еркін және грек-рим күресі бойынша өтеді. Ал бұл сында көршілес елдің 16 балуаны белдеспек. Ал Ақжол Махмұдов Атырау бозкілемінде өнер көрсетуі мүмкін.

Атырауда Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев өзінің байырғы қарсыласы Ақжол Махмұдовпен жүздесті. Бұл туралы қос балуанның кездесу сәтінен суреттері жария болды.

Естеріңізде болса, Париждегі ойындарда Демеу қырғыз балуанын ширек финалда ұтқан болатын. Кейін отандасымыз финалға шыққаннан кейін Махмұдов қола үшін күресуге мүмкіндік алды.