Шерзод Давлатов 60 келіде күресетін ұлттық құрама мүшесі
Загреб Гран Приінде чемпион атанған қазақстандық Шерзод Давлатов өзінің алдағы жоспарымен бөлісті.
Сметовтің салмағында күресетін (60 кг) жас дзюдошы алдағы уақытта құрамадағы өзінің орнын сақтау үшін аянбайтынын айтты. Ол бұған дейін жарақаттары көп болғанын алға тартып, енді тек биіктен көрінуі үшін барын салатынын жеткізді.
«Көңіл күй өте керемет! Үлкен жарыста алтын бұйырды. Осыншама уақыт жеңілістер, жарақаттар болды. Мұнымен тоқтамаймын. Әлі жаспыз. Әлі талай еңбек етіп, талай жүлделерді аламын деген сенімдемін», - деді Шерзод Давлатов.
Айта кететін жайт, Шерзод Давлатов 60 келіде күресетін ұлттық құрама мүшесі. Бұл салмақта еліміздің №1 балуаны Елдос Сметов жақында Париж Олимпиадасында чемпион атанған болатын. Сондай-ақ, Мағжан Шамшадин мен Нұрқанат Серікбаев әлемдік рейтингте үздіктер қатарында.