Мағжан Шамшадин мен Абиба Әбужақынова Абу-Дабиде күреседі

Редактор
19.09.2024, 12:29

Абу-Дабиде өтетін Grand Slam жарыстары басталады

ҰОК

Париж Олимпиадасынан кейінгі дзюдо жарыстары қайта басталды. Қазан айында ұлттық құраманың бірнеше үздігі Абу-Дабиде өтетін Grand Slam жарысына қатысады.
11-13 қазанда өтетін Grand Slam-да бақ сынайтындар арасында  әйелдер арасында 48 келіде белдесетін Абиба Әбужақынова мен ерлер арасындағы 60 келідегі Мағжан Шамшадин бар. 

Толық құрам мынандай:

Ерлер

60 келі. Мағжан Шамшадин мен Дәурен Сүйкенов.

66 келі. Әділбек Берікұлы.

73 келі.  Дархан Койбағар мен Ермек Амангелді.

81 келі.  Жалғас Қайрола мен Руслан Мұсаев.

100 келі.  Әділет Сапарғалиев.

+ 100 келі.  Мәди Еділбаев.

Әйелдер

63 келі. Эсмигуль Куюлова.

+ 78 келі. Назгүл Маратова мен Карина Такиева.